Кітап оқығанды ұнатасыз ба? Өз хоббиіңізді жүлдеге айналдыратын уақыт келді!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде «Кітап оқитын ұлт» ауқымды кітап оқу марафоны бастау алды. Осы жоба аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты бойынша сайысқа қатысыңыз!

Егер сіз мемлекеттік қызметте жұмыс істесеңіз, бұл – ой-өрісіңізді кеңейтіп қана қоймай, бағалы жүлделерге де ие болудың тамаша мүмкіндігі.

Не істеу керек?

* Арнайы дайындалған тізімнен қазақ немесе орыс тіліндегі 15 кітапты таңдап оқу. Жинаққа отандық авторлардың шығармалары, әлемдік классика және шабыт беретін заманауи әдебиеттер енгізілген.
* Кітаптарды негізгі кезең аралығында оқып шығу (2026 жылғы қыркүйек пен 2027 жылғы наурыз аралығы).
🏆 Финалистерді не күтеді?
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталады, ал барлық финалистер арнайы дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады!

Жобаға қосылыңыздар, жалпыұлттық қозғалыстың бір бөлігіне айналыңыз!

🔗 Толық ақпарат пен ұсынылған әдебиеттер тізімін мына сайттан таба аласыздар: www.reading-nation.kz

#КітапОқитынҰлт #КітапОқитынМемлекеттікҚызметші #ОқуМарафоны #Даму #Қазақстан

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1289851?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version