Көліктегі ПД-де ардагерлерді қолдау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көліктегі полиция департаментінде ішкі істер органдары ардагерлер кеңесі төралқасының кезекті отырысы өтті.

Көліктегі ПД Ардагерлер кеңесінің жетекшісі Есболат Шаймерденовтың төрағалығымен өткен жиында Халықаралық қарттар күніне дайындық мәселелері талқыланды.

1 қазан — Қарттар күні мерекесі қарсаңында төралқа мүшелері ең алдымен, ерекше қамқорлықты  қажет ететін зейнеткерлердің тізімін егжей-тегжейлі қарап шықты.

Есболат Шаймерденов аға буынды қолдау — сапта қызмет атқарып жүрген полицейлер мен ұйымның белсенділері үшін қасиетті парыз болып табылады.

 «Ішкі істер органдары ардагерлерін қолдау — жай ғана лауазымдық міндет емес, бұл олардың көпжылдық жанкешті еңбегі мен антқа адалдығына деген терең құрметтің көрінісі. Зейнеткерлердің қажеттіліктеріне, олардың тұрмыс жағдайларына жіті назар аудару және ұрпақтар жалғастығын сақтау кеңес қызметінің басты басымдығы болып қала береді», — деді ол.

Е. Шаймерденовтың айтуынша, Департаменттің Ардагерлер кеңесі қарт қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, оларға тұрақты негізде ұдайы қолдау көрсетеді, сондай-ақ шама-шарқынша маңызды қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады.

Жиын қорытындысы бойынша жалғыз тұратын қарттарға, сондай-ақ мүгедектігі бар немесе ауыр дертке шалдыққан қызметкерлерге атаулы қаржылай және материалдық көмек бөлу туралы шешім қабылданды.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1290164?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version