Мал ұрлығының және бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары
Жағатал ауылдық округі аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бөтеннің мүлкін ұрлау фактілерінің алдын алу және мал ұрлығына жол бермеу мақсатында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара Жағатал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына бөтеннің мүлкіне қол сұғушылықтың алдын алу, жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, малды қараусыз қалдырмау, жайылымдық жерлерде малға бақылау жасау, мал қораларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және малдың жоғалу немесе ұрлану жағдайларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1290454?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау