«Мектепке жол» – балаға жасалған игі қадам!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алдабергенов ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен 2026–2027 оқу жылында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Алдабергенов ауылдық округінің мектеп оқушыларына демеушілердің қолдауымен мектепке қажетті оқу құралдары, сөмкелер және киімдер табысталды.

Аталған акция аясында жалпы 78 оқушыға көмек көрсетілді. Оның ішінде:

57 оқушыға мектеп құрал-жабдықтары мен мектеп сөмкелері;
21 оқушыға мектеп киімдері алынып берілді.
Бұл – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына бағытталған маңызды қолдау.

Балаларға қуаныш сыйлап, әлеуметтік жауапкершілік танытып, игі іске өз үлестерін қосқан барша демеушілерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Демеушілеріміз:

Ошақбаев Асқар Алпысович – «Жетысу Роудс Инжиринг» ЖШС басшысы;
Қыдырбаев Қайрат Қуанышбаевич – «Қыдырбаев Қ» ШҚ басшысы;
Есжанов Сүндетбай – «Айгерім» ШҚ басшысы;
Имаганбетов Асет Маратович – «Махамбет» ЖК басшысы;
Исағали Дастан Ғалымбекұлы – «Pharmaland» ЖШС басшысы.
Жақсылық жасау – жүректен!
Балаларға қолдау көрсетіп, олардың жарқын болашағына үлес қосып жүрген жандарға ризашылығымыз шексіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/1290390?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version