Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы хабарлаймыз.
2026 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке кіру процесі eQyzmet платформасында онлайн форматқа көшірілді. Бұл кандидаттарға іріктеудің негізгі кезеңдерінен электрондық түрде өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйеде тестілеу процесінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 360° камераны пайдалана отырып прокторинг жүргізу тетігі қолданылады.
Сонымен қатар, заңнамада белгіленген жағдайларда азаматтарды мемлекеттік лауазымдарға тағайындаудың жекелеген тетіктерін көздейтін мемлекеттік қызметке конкурстан тыс кірудің жаңа мүмкіндіктері енгізілді.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге демалыстар берудің тәртібі мен шарттарын, оның ішінде жыл сайынғы және өзге де демалыс түрлерін реттейтін демалыстар беру қағидалары жаңартылды.
Толық ақпарат Сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/1Ww08ks79P-W9o4Ux3bv-Y_6ArVQQ7EVJ?usp=sharing. Аталған сілтемелерде тиісті ақпараттық материалдар мен бейнероликтер орналастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1290448?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау