Бүгін өңірімізде Қазақстан халқы тілдері күнінің салтанатты ашылуы аясында «Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры» атты республикалық тілшілер форумы өтті.
Форумға ғалымдар, тіл мамандары, педагогтер, әдіскерлер мен тіл жанашырлары қатысып, мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері мен оқытудың заманауи тәсілдерін талқылады.
Іс-шара аясында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тіл оқытуда қолдануға арналған көрме ұйымдастырылып, тіл мен білім саласына үлес қосқан азаматтар облыстық және министрлік деңгейдегі марапаттарға ие болды.
Форумның «Ойталқы» бөліміне Астана және Алматы қалаларынан академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының кандидаты Мұқышева Алмагүл Наурызбайқызы, әдіскер Ердігүл Дәдібасқызы және «Qazline» платформасының негізін қалаушы Динара Еселбай қатысты.
Форумның практикалық бөлігі Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте жалғасып, төрт секцияда жасанды интеллектті тіл оқытуға енгізу, тілдік дағдылар мен оқу сауаттылығын дамыту, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жаңғырту мәселелері қарастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1289571?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау