Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз етудегі мемлекеттік бақылау.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз және қолжетімді орта қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

Профилактикалық бақылау кезінде негізгі назар автотұрақ орындарына, пандустардың талапқа сәйкестігіне, қызмет көрсету аймағына, тактильді ақпаратқа және мүгедектігі бар адамдарға арналған санитариялық тораптарға аударылады.

Қолжетімді орта нысанға дейін жетуден басталады. Сондықтан арнайы автотұрақ орындары кіреберіске жақын орналасып, тиісті белгілермен белгіленіп, нақты пайдалануға қолайлы болуы тиіс.

Пандустың болуы ғана жеткіліксіз. Оның ені, тұтқалары, жабындысы және қауіпсіздігімен қатар, кіреберіс есіктері мен табалдырықтардың биіктігіне де назар аударылады. Қолданыстағы құрылыс талаптарына сәйкес, табалдырықтардың биіктігі белгіленген шекті мөлшерден аспауы тиіс. Талаптан жоғары табалдырық кресло-арбамен қозғалатын адам үшін физикалық кедергі болып, ғимаратқа өздігінен кіруіне мүмкіндік бермеуі мүмкін.

Сонымен қатар, адамның ғимарат ішінде қызмет көрсетілетін орынға дейін кедергісіз жетуі, тактильді және визуалды ақпарат арқылы бағдарлануы, сондай-ақ санитариялық торапты қауіпсіз пайдалана алуы қамтамасыз етілуі қажет.

Біздің басты мақсатымыз – бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу және анықталған кемшіліктерді жою арқылы әрбір азамат үшін қауіпсіз, кедергісіз әрі қолжетімді ортаны қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1290197?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version