Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданындағы жаңа мектептің жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданына жұмыс сапары барысында Самар ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жаңа бастауыш мектепке барды.
Жаңа мектеп ғимараты 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. 150 оқушыға арналған білім ордасының ашылуы ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға болды. Себебі Самар ауылында 40 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жаңа мектеп ғимараты салынды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен салынған екі қабатты мектептің жалпы аумағы 4 мың шаршы метрге жуық. Мұнда оқушыларға сапалы білім алуға қажетті барлық жағдай жасалған. Мектепте заманауи оқу кабинеттері, спорт залы, кітапхана және асхана жұмыс істейді. Сонымен қатар логопед кабинеті, балаларға арналған шағын орталық және шағын футбол алаңы қарастырылған.
Биыл Самар ауданында 172 бала бірінші сыныпқа барды. Оның 14-і Ыбырай Алтынсарин атындағы бастауыш мектепте білім алып жатыр.
Жұмыс сапары барысында Нұрымбет Сақтағанов оқу кабинеттерін аралап, мектептің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты және оқушыларға жасалған жағдайды көрді.
Облыс әкімі ауыл мектептерін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Оның айтуынша, балалардың қай жерде тұратынына қарамастан, сапалы білім алуы үшін барлық мектепте бірдей жағдай жасалуы қажет.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауыл мектептерінде де қалалық мектептердегідей жағдай болуы керек. Оқушылар заманауи білімді жайлы әрі қолайлы сыныптарда алуға тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Жаңа мектептің ашылуы Самар ауылының балаларына заманауи жағдайда білім алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар оқушылардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына, қосымша білім алуына қажетті жағдайлар жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1290066?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version