«Отбасылық құндылықтар» тақырыбы аясында Жыланды ауылдық округінің қатысуымен Үшарал қаласындағы «Жанұя» белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен бірлескен іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және отбасындағы өзара сыйластық пен татулықтың маңызын кеңінен түсіндіру.
Шара барысында қатысушылар арасында отбасылық құндылықтар, ұлттық тәрбие, сыйластық пен бірлік тақырыптарында пікір алмасып, тағылымды әңгімелер айтылды. Іс-шара мазмұнды өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1290407?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау