Педикулездің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Педикулез – адамның терісі мен шашында паразиттік тіршілік ететін, қанымен қоректенетін биттерден туындайтын паразиттік ауру. Адамда биттің үш түрі паразиттік тіршілік етуі мүмкін: бас биті, киім биті және шат биті. Ең жиі кездесетіні – бас педикулезі. Биттер бөртпе сүзегін және адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін кейбір қызба түрлерін тасымалдауы мүмкін.

 

Жұғу жолдары: педикулез негізінен бит жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынас жасау, сондай-ақ оның жеке заттарын пайдалану кезінде жұғады.

 

Жұқтыру қаупі мына жағдайларда өте жоғары:

 

– балалардың ұйымдасқан ұжымдарда, балабақшаларда, мектептерде, лагерьлерде, интернаттарда тығыз қарым-қатынаста болуы;

 

– адам көп жиналатын қоғамдық көлікте және орындарда болу;

 

– ортақ жеке заттарды: тарақтарды, бас киімдерді, киімдерді, төсек-орын жабдықтарын пайдалану.

 

Педикулездің негізгі белгілері:

 

– бит шаққан жерлерде, әсіресе бас терісінің қышуы;

 

– теріде, негізінен шаштың шекаралас бөліктерінде бөртпелер мен қызыл дақтардың пайда болуы;

 

– қатты қышыну салдарынан терінің тырналуы және зақымдануы;

 

– шашқа, әдетте оның түбіне мықтап жабысып орналасқан сіркелердің (бит жұмыртқаларының) болуы.

 

Уақтылы емделмеген жағдайда ауру пиодермиямен — тырналған және зақымдалған теріге бактериялардың түсуінен пайда болатын терінің іріңді инфекциясымен асқынуы мүмкін.

 

Қауіп тобы: педикулезге ең көп бейім балалар, өйткені олар құрдастарымен жиі тығыз қарым-қатынаста болады. Бит немесе сірке анықталған жағдайда тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну қажет. Медицина қызметкері қолдануға рұқсат етілген педикулезге қарсы дәрілік заттарды таңдау және оларды нұсқаулыққа сәйкес дұрыс пайдалану жөнінде ұсынымдар береді.

 

Маңызды:

 

– отбасының барлық мүшелерін бір мезгілде қарап-тексеріп, қажет болған жағдайда өңдеу жүргізу;

 

– бір ай бойы отбасының барлық мүшелерінің шашты бас бөлігін үнемі қарап-тексеру;

 

– жеке бас гигиенасы қағидаларын және тұрғын үй-жайдың санитариялық жағдайын сақтау.     

 

Педикулездің алдын алу үшін:

 

– педикулез анықталған адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;

 

– жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтау: денені және басты үнемі жуу;

 

– шашты күнделікті тарау және уақтылы қысқарту;

 

– төсек-орын жабдықтарын кемінде аптасына бір рет ауыстыру, уақытылы жуу және ыстық үтікпен үтіктеу;

 

– бөтен адамның тарақтарын, бас киімдерін, киімдерін және төсек-орын жабдықтарын пайдаланбау;

 

– үйде тазалық сақтап, үй-жайларды үнемі жинау;

 

– балалардың шашы мен киімдерінің тазалығын қадағалау;

 

– балалардың, әсіресе ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, шашты бас бөлігін үнемі қарап-тексеру.

 

Есте сақтаңыз! Жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтау, шашты бас бөлігін үнемі қарап-тексеру және педикулезді уақтылы анықтау аурудың отбасы мен балалар ұжымдарында таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1289966?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version