Қарағанды облысында табиғи өрттерді сөндіру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткен тәулікте облыс аумағында алдын ала есеп бойынша жалпы ауданы 90 гектар болатын 5 табиғи өрт ошағы сөндірілді.

Қазіргі уақытта Шет, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында таулы-далалы жерлерде құрғақ шөп пен бұталардың жануына байланысты туындаған 8 табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өртті сөндіруге ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың 500-ден астам қызметкері мен 145 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қарқаралы ауданы Бесоба ауылындағы өртті сөндіру жұмыстарына су төгетін құрылғымен жабдықталған ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Әуеден жалпы көлемі 12 тонна болатын 4 рет су төгілді.

Өртті сөндіру жұмыстары таулы-далалы жерлердің қолжетімсіз рельефіне, қалыптасқан ыстық әрі құрғақ ауа райына және қатты екпінді желге байланысты қиындап отыр.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінде жұмылдырылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіретін жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төнуіне жол берілген жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1289986?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version