Бүгін 11 қыркүйек күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов жүргізді. Кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- 2026 жылдың І-жарты жылдығында аудандық полиция бөлімінің атқарған жұмыстары және мал ұрлығын алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы.
Хабарламашы: Камешов Сабыржан Шораұлы – аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары;
- Бисен және Мұратсай ауылдық округтері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы және және оның сапасын арттыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есептері туралы.
Хабарламашылар: Меңдешев Армат Ермекұлы – Бисен а/о әкімі;
Қадыров Бисен Нұрбекұлы – Мұратсай а/о әкімі.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша – кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдеріне хаттамалық ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1290214?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау