«Қосшы қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі (бұдан әрі бөлім) өз құзыреті шегіне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау, азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету салаларындағы функцияларды жүзеге асыруға арналған «Қосшы қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Негізгі міндеттері мен функциялары:

  1. Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелрі бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;
  2. Жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңнамасын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  3. Аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;
  4. Жергілікті атқарушы органдардың қзметін үйлестіру және Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнасын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  5. Азамматтық қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиісті іс-шараларын үйлестіру;
  6. Жұмылдыру жоспарын және аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, нақтылау және түзету, меншік нысанына қарамастан қаланың атқарушы органдарында, ұйымдар мен мекемелерде жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;
  7. Жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсету, әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу;
  8. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
  9. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғауды жетілдіру бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
  10. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруды                              және қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1289924?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version