Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Калиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанда мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалғанын атап өтті. Бүгінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қолданыста. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және олардың салдарын жою жөніндегі өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі.

Заңның 5-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың зардаптарын жою;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.

Жасалатын сыбайлас жемқорлықты және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, санын азайту, оларды болдырмау мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының дербес жауапкершілігі институты енгізілді. Басшы өзінің бағынысты қызметкерлерінің іс-әрекеттері үшін жауапкершілікте болады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының тіркелген фактілері, нашар профилактикалық жұмыс және басшылық тарапынан бақылаудың жоқтығы туралы куәландырады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуға тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – еліміздің әрбір азаматының міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-alm/press/news/details/1289988?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version