«ТӘЖІРИБЕДЕН — БОЛАШАҚҚА»
Кәсібилік пен жауапкершілік — эпидемиолог жұмысының негізі
15 қыркүйек — Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні. Бұл — қызметі жұқпалы аурулардың алдын алуға, эпидемиологиялық тәуекелдерді уақтылы анықтауға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтауға бағытталған мамандардың кәсіби мерекесі.
Сағитова Қымбат Ертісбайқызының кәсіби қызметі алғашқы күннен бастап аурулардың алдын алу, эпидемиологиялық бақылау және халық денсаулығын қорғау бағыттарымен байланысты.
2017 жылы Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетін «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмамдап, кәсіби еңбек жолын Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде бастады.
Қымбат Ертісбайқызы еңбек жолының алғашқы жылдарын санитариялық-гигиеналық және эпидемиологиялық бағыттарға арнады. Павлодар қаласында қызмет атқара жүріп, санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу мәселелерімен айналысты. Кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, біліктілігін арттыра отырып, кейінгі басқарушылық қызметіне негіз болған мол практикалық тәжірибе жинақтады.
2022 жылы Қымбат Ертісбайқызы басшылық қызметке тағайындалып, Павлодар қалалық басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімін басқарды. Жаңа қызметінде жұмысты тиімді ұйымдастыру, мамандардың қызметін үйлестіру және туындаған эпидемиологиялық тәуекелдер жағдайында уақтылы шешім қабылдау дағдылары ерекше маңызға ие болды.
Кейін оның кәсіби қызметі Ақсу қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызметімен байланысты болды. Мұнда ол санитариялық-гигиеналық бақылау мен қадағалау, сондай-ақ техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бағыттарына жетекшілік етті.
2025 жылғы қыркүйек айынан бастап Қымбат Ертісбайқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарасты Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімін басқарады.
Оның кәсіби қызметінде жұқпалы аурулардың алдын алу, тиімді эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және халық денсаулығына әсер етуі мүмкін тәуекелдерге уақтылы ден қою мәселелері ерекше орын алады.
Басшылық қызмет жоғары жауапкершілікті, жүйелі көзқарасты және жедел шешім қабылдай білуді талап етеді. Қымбат Ертісбайқызының басшылығымен бөлім мамандары жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.
Бүгінде Қымбат Ертісбайқызының кәсіби білімі мен мол практикалық тәжірибесі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі бағыттарының бірі — жұқпалы аурулардың алдын алу, тиімді эпидемиологиялық бақылау және туындайтын тәуекелдерге уақтылы ден қоюға бағытталған.
Оның кәсіби жолы — жүйелі өсудің, жауапкершіліктің және таңдаған мамандығына деген адалдықтың үлгісі. Бұл сала мамандарынан тек терең білім ғана емес, сонымен қатар кез келген жағдайда жедел әрекет етуге, салмақты шешім қабылдауға және өз қызметінің нәтижесіне жауап беруге тұрақты дайындықты талап етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1290266?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау