ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ БАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жұмыс орындарын ашу, экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлау жүйесін қайта құру, халықты еңбекпен қамту, азаматтарды өндіріс орындарына бағыттау және өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде тапсырмалар берілген болатын.
Осы бағыттағы міндеттерді іске асыру мақсатында Түркістан облысында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен халықты жұмыспен қамту, және еңбек нарығының қажеттілігіне сай кадрлар даярлау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Өңірде өндірістік парктер, индустриалды аймақтар жұмысы жанданып, зауыттар мен кәсіпорындар ашылуда.
Enbek.kz электрондық еңбек биржасында Түркістан облысы бойынша 2 958 бос жұмыс орны тіркелген. Бос жұмыс орындары облыстың барлық аудан-қалаларында ұсынылған. Атап айтқанда, Түркістан қаласында – 544, Сарыағаш ауданында – 317, Сайрам ауданында – 294, Төлеби ауданында – 263, Түлкібас ауданында – 228, Қазығұрт ауданында – 173, Ордабасы ауданында – 159, Кентау қаласында – 144, Созақ ауданында – 126, Жетісай ауданында – 120, Сауран ауданында – 120, Отырар ауданында – 116, Шардара ауданында – 100, Бәйдібек ауданында – 77, Арыс қаласында – 65, Мақтаарал ауданында – 61, ал Келес ауданында 51 бос жұмыс орны бар.
Облыс бойынша бос жұмыс орындарының ең жоғары көрсеткіші Түркістан қаласында тіркеліп, мұнда 544 вакансия ұсынылған. Одан кейін Сарыағаш, Сайрам және Төлеби аудандары орналасқан.
Электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындары жұмыс іздеушілерге жұмыс берушілердің талаптарымен танысып, өзіне қолайлы қызметті таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтар портал арқылы түйіндемесін орналастырып, жұмыс берушілерге тікелей өтінім жолдай алады.
Жұмыс іздеушілер Enbek.kz порталынан өңір, аудан немесе қала бойынша бос жұмыс орындарын қарап, өз мамандығы мен тәжірибесіне сәйкес келетін вакансияға өтініш бере алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1289875?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version