Заң мен тәртіп: полицейлер студенттермен профилактикалық кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

Қаратал ауданындағы Бастөбен ауылдық колледжінде полиция қызметкерлері студенттермен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.

Кездесу барысында полицейлер студенттерге заңнама талаптарын, құқық бұзушылық түрлері мен оларды жасағаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндірді. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Студенттерге күнделікті өмірде ғана емес, интернет кеңістігінде де заң талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Заң мен тәртіп – әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1290010?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version