ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ЕКІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ЕКІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ТАБЫСТАЛДЫ
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен өңірге табысталған екі жылжымалы медициналық кешеннің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жалпы құны 1,1 млрд теңге болатын кешендердің бірі компьютерлік томография аппаратымен, екіншісі маммографиялық және ультрадыбыстық зерттеу жабдықтарымен жарақтандырылған. Енді шалғай елді мекен тұрғындары қажетті диагностикалық тексерулерден өту үшін облыс орталығына бармай-ақ, медициналық көмекті өз тұрғылықты жеріне жақын жерде ала алады.
Кешендердің мүмкіндігі, әсіресе, онкологиялық ауруларды ерте анықтауда маңызды. Заманауи диагностиканың қолжетімді болуы ауруды дер кезінде анықтап, медициналық көмекті уақытылы бастауға жол ашады.
Жылжымалы кешендердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлініп, арнайы гараж салынды.
Алдағы уақытта медициналық кешендер шалғай елді мекендерге бағытталып, тұрғындарды диагностикалық тексерулермен кеңінен қамтуға қызмет етеді. Бұл – медициналық көмекті халыққа жақындатып, ауыл тұрғындарының заманауи диагностикаға қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1289655?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version