ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 8 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛҒАН
Түркістан қаласында тұрғындарды жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл қала бойынша 6 865 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 6 069-ы 9 ай ішінде ашылуы тиіс болса, есепті кезеңде нақты 8 219 жұмыс орны құрылып, жоспар 135,4 пайызға орындалған. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиын барысында Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы, тұрақты жұмыс орындарын көбейту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.
Қалалық Мансап орталығының мәліметіне сәйкес, тұрақты жұмыспен қамту бойынша 9 айға 3 083 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Нәтижесінде 3 407 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, белгіленген жоспар 110,5 пайызға орындалған. Ал, «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» бағыты бойынша да жоспарлы көрсеткіштен жоғары нәтиже қалыптасқан. Есепті кезеңге 1 159 жұмыс орнын ашу жоспарланса, іс жүзінде 2 844 жаңа жұмыс орны құрылып, жоспар 245,4 пайызға жетті.
Сондай-ақ, субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 1 756 азамат жұмыспен қамтылған. Нәтижесінде бұл бағыттағы жоспар 110,1 пайызға орындалып отыр. Жаңа жұмыс орындарын құруда ұлттық жобалардың да үлесі бар. Жоспарланған 19 жобаның барлығы іске асырылып, олар бойынша 136 жаңа жұмыс орны құрылған. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне де басымдық берілді. Атап айтқанда, «TURAN» арнайы экономикалық аймағындағы 13 инвестордың жобасы шеңберінде 2 441 штаттық бірлік қарастырылған. Қазіргі таңда оның 518-і бойынша азаматтар жұмысқа орналастырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
В ТУРКЕСТАНЕ С НАЧАЛА ГОДА СОЗДАНО БОЛЕЕ 8 ТЫСЯЧ НОВЫХ РАБОЧИХ МЕСТ
В Туркестане продолжается системная работа по трудоустройству жителей и созданию новых рабочих мест. На этот год по городу запланировано 6 865 новых рабочих мест. За 9 месяцев планировалось создать 6 069, однако фактически появилось 8 219 рабочих мест. План выполнен на 135,4%.
Об этом стало известно на совещании под председательством акима Туркестана Азимбека Пазылбекулы. На встрече обсудили реализацию Региональной карты занятости, увеличение числа постоянных рабочих мест и создание новых.
По данным городского Центра карьеры, за 9 месяцев планировалось трудоустроить на постоянную работу 3 083 человека. В итоге работу получили 3 407 жителей — план выполнен на 110,5%.
По направлению «10 тысяч жителей — 100 новых рабочих мест» также достигнуты высокие показатели. При плане в 1 159 рабочих мест создано 2 844, или 245,4% от запланированного.
Кроме того, субсидируемой занятостью охвачено 1 756 человек. План по этому направлению выполнен на 110,1%.
Свою роль в создании новых рабочих мест играют и национальные проекты. Все 19 запланированных проектов реализованы, в их рамках создано 136 рабочих мест.
При реализации инвестиционных проектов также уделяется внимание трудоустройству жителей. В рамках проектов 13 инвесторов в специальной экономической зоне «TURAN» предусмотрено 2 441 штатное место. На сегодняшний день на 518 из них уже трудоустроены жители.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1289858?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау