Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕКТІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЖУРНАЛИСТ ЖҮРЕГІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның Құрметті журналисі, Түркістан облысының Құрметті азаматы, «Оңтүстік» телеарнасының негізін қалаушы Байдулла Қонысбектің туғанына 85 жыл толуына орай «Журналист жүрегі» жинағының тұсаукесері өтті.
Жинақтың тұсауын Халықаралық «Алаш» және Симонов атындағы әдеби сыйлықтардың иегері Нармахан Бегалиев, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Сөз зергері» сыйлығының иегері Ғалымжан Елшібай, Бәйдібек аудандық мәслихатының төрағасы Имангелді Түймебаев, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Парасат» орденінің иегері Бақтияр Тайжан және «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова кесті.
Кездесуде Байдулла Қонысбектің замандастары, әріптестері мен шәкірттері оның журналистикадағы жолы, ұстаздық еңбегі және азаматтық болмысы туралы естеліктерімен бөлісті.
Кеш барысында Байдулла Қонысбектің ұл-қыздары әкелері туралы естеліктерімен бөлісті. Олар арда азаматтың отбасындағы орны, перзенттеріне көрсеткен қамқорлығы мен кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы туралы сөз қозғады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1289867?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version