ОРДАБАСЫДА «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Ордабасы аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Темірланда «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, қоғамдық кеңес төрағасы, ардагерлер мен ақсақалдар, дін өкілдері, жастар, полиция қызметкерлері, мектеп мұғалімдері және аудандық білім бөлімінің мамандары қатысты.
Кездесуде ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, салт-дәстүрді сақтау, жастар тәрбиесі және аға буынның өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері кеңінен талқыланды. Аға буын өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, жастар тәрбиесінде отбасы мен қоғамның жауапкершілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақғ жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті сала мамандары жауап берді.
Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерге басымдық берілді. Кездесу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып, жауапты сала өкілдеріне тиісті бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыру тапсырылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1289865?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау