Жетісу облысында лауазымды тұлғалар құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметтерінен босатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қадағалау актісі бойынша екі лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды, олардың біреуі аудандық бөлімше басшысы.

Жетісу облысы Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бағытында талдау жүргізіп, жекелеген мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу фактілерін анықтады.

Көрсетілген тұлғалар букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тіккені анықталды.

Ойын шотын толықтырудың жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден асты.

Мұндай әрекеттер мемлекеттік қызметтің абыройы мен беделіне нұқсан келтіреді, сонымен қатар қоғам тарапынан сенімнің төмендеуіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өсуіне әкеледі.

Енгізілген прокурорлық ден қою актісін қарау нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен екі лауазымды тұлға атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Олардың бірі – еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы.

Жетісу облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу және мемлекеттік қызметтің беделі мен азаматтардың сеніміне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу бойынша шараларды одан әрі жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1289959?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version