Жоба Сәтбаев қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3 тармағының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде №24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                       Қ. Балмағамбетов

 

 

 

 

 

 2026 жылғы «___» _______

№ ______ шешіміне

қосымша

 

 

Сәтбаев қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға арналған тарифтер

 

р/с

 

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығымен)

1

Тұрғын үйлері абаттандырылған үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау тарифі

1 тұрғын, айына

668 теңге

22

Тұрғын үйлері абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау тарифі

1 тұрғын, айына

708 теңге

3

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару тарифі

1 м3

4 010 теңге

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhkh-satpaev/press/news/details/1289742?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version