Жаңа №4 құтқару бекеті Елек өзенінде тұрғындардың қауіпсіздігін жыл бойы қамтамасыз етеді.
Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Асхат Шахаров пен Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қатысты. Олар бекеттің жұмысымен және материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, құтқарушыларға үш жаңа Toyota Hilux автокөлігінің кілтін табыстады.
Құтқару қызметкерлерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған министр Мұрат Мұханов су нысандарындағы құтқару инфрақұрылымын дамыту ведомство жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Өз кезегінде аймақ басшысы Асхат Шахаров жедел әрекет ету мен мамандардың кәсіби даярлығының маңыздылығына тоқталды.
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды басымдықтарының бірі әрі баршамызға ортақ жауапкершілік. Қауіптің алдын алу оның салдарын жоюдан әлдеқайда маңызды. Сондықтан құтқару қызметінің материалдық-техникалық базасын жүйелі түрде нығайтып келеміз. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында облыста қазірдің өзінде 11 өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, тағы 21 ауылдық елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Елек өзеніндегі жаңа құтқару бекеті төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және адамдардың судағы қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді. Құтқарушылардың кәсібилігі мен жауапкершілігі дер кезінде көмек көрсетіп, адам өмірін сақтауға септігін тигізетініне сенімдімін. Жаңа бекет Ақтөбе тұрғындары мен қонақтары үшін сенімді қауіпсіздік пунктіне айналсын», – деді Асхат Шахаров.
Облыс әкімінің айтуынша, соңғы үш жылда құтқарушылардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Төтенше жағдайлар департаментіне жалпы құны 2,14 миллиард теңгені құрайтын 55 техника және 1 724 дана өрт-құтқару құрал-жабдығы берілді.
№4 құтқару бекеті – аумағы 36 шаршы метрді құрайтын модульдік ғимарат. Мұнда құтқарушылардың жыл бойы жұмыс істеуіне, техника мен құрал-жабдықтарды сақтауға қажетті барлық жағдай жасалған. Жобаның құны 50 миллион теңгені құрады.
Бекетте төрт қызметкер – үш құтқарушы мен жүргізуші жұмыс істейді.
Құтқарушылар Жилгородской жағажайынан бастап Гринлэнд демалыс базасына дейінгі аумақтағы судағы жағдайды бақылауда ұстайды. Қызметтік міндеттерді орындау және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін құтқарушыларға үш жаңа Toyota Hilux автокөлігі табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1290632?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау