Астанада оқушылар отбасы құндылықтарын дәріптейтін қысқаметражды фильмдер түсірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада №119 мектептің оқушылары, ата-аналар, педагогтер және мектеп қауымдастығы отбасы құндылықтарын дәріптеуге байланысты іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл іс-шара «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» атты атаумен өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты нығайту, отбасылық тәрбиенің маңызын арттыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Кинофестиваль аясында №119 мектептің оқушылары отбасы құндылықтарын дәріптейтін 3-5 минуттық қысқаметражды фильмдерін ұсынды.
«Мектебімізде отбасы құндылықтарын дәріптеуге байланысты, кинофестиваль өтті. Біздің балалар өнерлерін ортаға салды. Отбасындағы құндылықтардың үнемі алдыңғы қатарда тұратынына ден қойылды. Біздің өрендер жанұя жылуын, тәрбиесін кино ретінде жеткізуге тырысты. Бұл – көрермендерге зор әсер етті», – деді мектеп директоры Аллажар Гүлжан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1290496?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version