Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы барысында білім беру сапасын арттыруға елеулі үлес қосып, мемлекеттік аттестаттау және бақылау іс-шараларын сапалы ұйымдастыруға, сондай-ақ жалпы білім беру саясатын ілгерілету бағытындағы жұмыстарға белсенді атсалысқан білікті қызметкерлер марапатталды.
Еңбегімен ерекшеленген мамандарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Алғысы» табысталды.
Бұл марапат – қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, кәсіби білімі мен тәжірибесін білім беру саласының дамуына бағыттап жүрген мамандардың еңбегіне берілген жоғары баға.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, кәсіби қызметтеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер және еңбектеріне шығармашылық шабыт тілейміз!
Білім сапасы – білікті маман мен жауапты еңбектің нәтижесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/news/details/1290487?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау