ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №401-V «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігінің ресми әлеуметтік желідегі парақшалары тұрғындарды аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекеттік бағдарламалар, қоғамдық маңызы бар жаңалықтар және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы уақтылы әрі ашық ақпараттандыру мақсатында жүргізіледі.
Әлеуметтік желілерде пікір білдіру – Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген азаматтардың құқықтарының бірі. Сонымен қатар бұл құқық қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы қажет.
Осыған байланысты, тұрғындардан әлеуметтік желілерде пікір қалдыру кезінде төмендегі талаптарды сақтауды сұраймыз:
өзара сыйластық пен әдептілік қағидаларын ұстану;
азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, қорлайтын немесе жала сипатындағы пікірлерге жол бермеу;
шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпау;
ұлтаралық, діни немесе әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталған пікірлер жарияламау;
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты сын-пікір білдірген кезде нақты деректерге сүйену және заң талаптарын сақтау;
өзге азаматтардың жеке өміріне қатысты ақпараттарды олардың келісімінсіз жарияламау және дербес деректерді қорғау талаптарын сақтау.
Әкімдіктің ресми парақшаларында жарияланған ақпаратқа қатысы жоқ тақырыптар бойынша дау туғызу, өзге пайдаланушыларды қорлау, арандатушылық сипаттағы пікірлер қалдыру, көрінеу жалған ақпарат тарату және қоғамдық диалог мәдениетін бұзатын әрекеттер заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Мемлекеттік органның қызметіне қатысты ұсыныстар, шағымдар немесе өтініштер болған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресми байланыс арналары немесе «eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы жолдауға болады.
Шардара ауданы әкімдігі тұрғындардың заңды, сындарлы ұсыныстары мен пікірлеріне құрметпен қарайды және ашық диалог қағидатын қолдайды.
Баршаңызды әлеуметтік желілерде өзара құрмет, жауапкершілік және құқықтық мәдениет қағидаларын сақтауға шақырамыз.
Құқықтық негіздер: Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабы – ар-намыс пен қадір-қасиетке қол сұғылмаушылық;
Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабы – сөз бостандығы және ақпарат алу, тарату құқығы; Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы – адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде заң талаптарын сақтау; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 143-бабы – ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабы – көрінеу жалған ақпарат тарату үшін жауаптылық.
Азаматтардың пікір білдіру құқығы толық сақталады. Алайда өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлайтын немесе көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеміз.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1290484?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version