Ақтөбеде полиэтилен құбырларын өндіру дамып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «QazTechPlast» кәсіпорнына барды.

Компания директоры Дәурен Есқалиевтің айтуынша, кәсіпорын сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз жүйелері және техникалық желілерде қолданылатын жоғары тығыздықтағы полиэтилен құбырларын (ПНД) өндіруге маманданған.

Құны 1,25 млрд теңгені құрайтын жоба 2023 жылы іске қосылды. Жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпорынға инвестициялық мақсаттарға алынған 500 млн теңге көлеміндегі несиені субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Қазіргі таңда кәсіпорында 47 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы мөлшері – 310 мың теңге.

Асхат Шахаров өндірістік процеспен, шығарылатын өнім түрлерімен және қызметкерлердің еңбек жағдайларымен танысты.

Өңір басшысы өңірдің инфрақұрылымдық және құрылыс жобаларында сұранысқа ие жергілікті өндірісті дамыту мен отандық өнім көлемін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кәсіпорындарды дамыту экономиканың өсуіне мультипликативтік әсер ететінін айтты. Бұл өз кезегінде жұмыспен қамтуды арттыруға, ілеспе салалардың дамуына, өндіріс көлемі мен өңір бюджетіне түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.

«Жергілікті өндірісті дамыту және сұранысқа ие өнім шығару өңір экономикасы үшін маңызды. «QazTechPlast» секілді кәсіпорындар ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өндірістік құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгінде біз өңірдегі ауылдарды сумен және газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы ретте жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда жергілікті өнімді барынша пайдалануға мән беру қажет. Авторлық қадағалау құжаттарында жергілікті өнімді пайдалану жөніндегі талаптарды қарастыру керек. Осылайша өңірде өндірілетін өнімдердің үлесін арттырып, жергілікті кәсіпорындарға қосымша қолдау көрсете аламыз.
Кәсіпкерлерді қолдауды жалғастырып, өндірістік қуаттарды кеңейту және сұранысқа ие өнім көлемін арттыру маңызды. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің өндірістік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Асхат Шахаров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1290699?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version