1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білім – ел болашағының берік негізі. Ал сапалы білім мен саналы тәрбие – жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасып, қоғамның тұрақты дамуының басты кепілі.
Құрметті ұстаздар! Сіздердің шәкірт тәрбиелеудегі еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз – ел ертеңіне қосылған баға жетпес үлес. Сіздерге шығармашылық ізденіс, толағай табыс, зор денсаулық және еңбектеріңізге береке тілеймін.
Ардақты оқушылар! Жаңа оқу жылында білімге деген құштарлықтарыңыз артып, биік мақсаттарға ұмтылыстарыңыз еселене берсін. Әрбір сабағыңыз сәтті өтіп, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың әрбір жетістігі сіздерге қуаныш сыйласын. Ұрпақтарыңыздың білімді, тәрбиелі, елжанды азамат болып қалыптасуына бірге атсалысайық.
Жаңа оқу жылы баршаңызға құт-береке, толағай жетістік әкелсін! Білім күні құтты болсын!
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291028?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version