Аса қауіпті және карантиндік инфекцияларға күдік туындаған жағдайда іс-қимыл алгоритмі бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11 қыркүйекте Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы қаласы бойынша санитариялық-карантиндік бақылау бөлімі Алматы халықаралық әуежайында аса қауіпті және карантиндік инфекцияларға күдік туындаған жағдайда қызметтердің іс-қимыл алгоритмін пысықтау бойынша практикалық кабинеттік оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығу барысында әуе кемесінде аса қауіпті инфекцияға күдікті жолаушы анықталған жағдайда ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәртібі, әуе кемесі экипажы мен әуежай қызметтерінің іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Сонымен қатар, оқу-жаттығуға қатысушыларға Эбола қызбасы бойынша эпидемиологиялық жағдай, инфекцияның негізгі таралу жолдары және оның алдын алу шаралары таныстырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – аса қауіпті және карантиндік инфекцияларға күдік туындаған жағдайда тиісті қызметтердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1291044?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version