Астанада С. Нұрмағамбетов көшесінің Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 15-17 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қолайсыздықтарды барынша азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1291434?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау