Бірыңғай есеп беру күнін өткізу туралы хабарландыру
2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15.00-де Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 8-қабат мекенжайындағы «Green Which» БО бизнес- қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді.
Іс-шара барлық облыстық бақылау-қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен кездесуі нысанында өтеді, онда олардың мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері талқыланады және бизнес-қоғамдастықпен кері байланыс орнатылады.
Бірыңғай есеп беру күні жыл сайын қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 131-1-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Бизнес өкілдері іс-шара барысында сөз сөйлеушілерге де, бақылау және қадағалау органдарының басқа өкілдеріне де қызықтыратын сұрақтар қоя алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp/press/news/details/1291075?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау