Целинная орта мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме әңгіме

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 қыркүйекте Дружба ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен учаскелік полиция инспекторы Д. Ю. Смола бірлесіп, Целинная орта мектебінде 7–11 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапты мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, интернет-алаяқтық, мал ұрлығы және буллингтің алдын алуға ерекше көңіл бөлінді.
Оқушыларға интернет желісінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, алаяқтықтың кең таралған тәсілдерінен сақ болу, күмәнді хабарламаларға, қоңырауларға және сілтемелерге мұқият қарау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алу, бөтеннің мүлкіне құрметпен қарау және заң талаптарын сақтау мәселелері сөз болды.
Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесіне де ерекше назар аударылды. Оның балалардың психологиялық жағдайына тигізетін кері әсері, бір-біріне құрметпен қараудың, өзара көмек көрсетудің және қиын жағдайға тап болған кезде ата-аналарға, мұғалімдерге немесе полиция қызметкерлеріне дер кезінде жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Бұдан бөлек, оқушыларға есірткі заттары мен алкогольді тұтынудың адам денсаулығына, оқу үлгеріміне, қоршаған ортамен қарым-қатынасына және болашақ өміріне тигізетін кері әсері туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды. Осындай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жас ұрпақтың өз қауіпсіздігі мен айналасындағыларға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1291446?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version