Құрметті Шардара қаласының тұрғындары!
Қазіргі уақытта Шардара қаласындағы дабыл сиреналарына жөндеу және тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты сиреналардың дыбысы естілген жағдайда алаңдап, дүрбелеңге берілмеулеріңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, алдағы уақытта қандай да бір себеппен дабыл сиренасы іске қосылған жағдайда, оған немқұрайлы қарамай, сабыр сақтап, ресми ақпарат көздерінен нақты мәлімет алуға және берілген нұсқаулықтарды орындауға шақырамыз.
Дабыл сиренасы – төтенше жағдай немесе қауіп-қатер туындаған кезде халыққа жедел хабар берудің маңызды құралы.
Сирена дыбысын естіген кезде:
сабыр сақтаңыз;
жағдай туралы ақпаратты тек ресми ақпарат көздерінен нақтылаңыз;
тиісті нұсқаулықтар мен қауіпсіздік талаптарын орындаңыз;
қажет болған жағдайда өзіңізді және жақындарыңызды қауіптен қорғау шараларын қабылдаңыз.
Қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі!
Төтенше жағдай кезінде дүрбелеңге берілмей, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291071?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау