Елордалық спортшы боччадан халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Чехияда боччадан Pilsen 2026 World Boccia Challenger халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Астана қаласының спортшысы Итиана Шыңғысханова алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық спортшы жарыс барысында барлық кездесуін жеңіспен аяқтап, топтық кезеңнен сәтті өтті. Кейін жартылай финал мен финалда да қарсыластарынан басым түсті.

Топтық кезеңде Итиана Шыңғысханова Израиль өкілі Орел Якоовты 9:3, Жаңа Зеландия спортшысы Хлоя Стуртты 7:3 және Словакия өкілі Кристина Кудлацованы 5:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда елордалық спортшы Грекия өкілі Элисавет Иосифидоумен кездесіп, 8:1 есебімен айқын басымдық танытып, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Итиана Шыңғысханова Израиль өкілі Орел Якоовпен қайта кездесіп, 10:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Итиана Шыңғысханова Pilsen 2026 World Boccia Challenger халықаралық турнирінің чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1290874?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version