ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес, коммуналдық қызмет көрсетушілер тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің режимі, сапасы мен көлемі туралы ақпарат беруге, сондай-ақ жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстары жүргізілетін жағдайда бұл туралы алдын ала хабардар етуге міндетті.
Атап айтқанда, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларында жоспарлы-алдын ала жөндеу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсету, сондай-ақ тиісті техникалық жұмыстар жүргізілген кезде сумен жабдықтау қызметін уақытша шектеуге немесе тоқтатуға жол берілетіні көзделген.
Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуші тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру желілеріне жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізудің кестесі мен мерзімдері туралы хабардар етуге міндетті.
Осыған байланысты, Шардара қаласының орталығында орналасқан бас су жинағыш (ХАУЗ) нысанында күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
Аталған нысанда жалпы сыйымдылығы 7 000 текше метр болатын төрт резервуар орналасқан:
3 000 м³ – 1 резервуар;
2 000 м³ – 1 резервуар;
1 000 м³ – 2 резервуар.
Аталған резервуарлар, су құбырлары, ысырмалар және өзге де инженерлік жабдықтар ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеуден өтпеген.
Қазіргі таңда «Тама» жерасты су көзінен келетін ауыз суды қала тұрғындарына сапалы әрі тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында бас су жинағыш нысанында кешенді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта:
2 000 м³ көлеміндегі бір резервуар;
1 000 м³ көлеміндегі екі резервуар
жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша пайдаланудан шығарылды.
Осыған байланысты қазіргі уақытта қалаға ауыз су 3 000 м³ көлеміндегі бір резервуар арқылы берілуде.
Бұл жағдайға байланысты қаланың жекелеген аумақтарында ауыз су қысымының төмендеуі, су берудің әлсіреуі немесе уақытша су тапшылығы байқалуы мүмкін.
Коммуналдық қызметтердің сапасы төмендеген жағдайда тұтынушылардың тиісті қызмет көрсетушіге өтініш жасауға құқығы бар. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, тұтынушы қызмет сапасының төмендеуі туралы өтініш берген кезде өнім беруші сапаны қалпына келтіру және қажет болған жағдайда қайта есептеу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.
Жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты – нысанның техникалық жағдайын жақсарту, резервуарлар мен ішкі су құбырларын жаңарту, апаттық жағдайлардың алдын алу және қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру.
Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін барлық резервуарлар, ішкі су құбырлары, ысырмалар және тиісті инженерлік жабдықтар кезең-кезеңімен қалыпты жұмыс режиміне енгізіліп, ауыз су берудің тұрақтылығы мен қысымы жақсарады.
Жөндеу жұмыстарының жүргізілуі барысында тұрғындардың қауіпсіздігі мен ауыз сумен қамтамасыз етілуін сақтау мәселесі бақылауда болады.
Уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сабырлық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291001?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version