«Байқоңыр» ауданында күзгі көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі таңда Кенесары көшесінің бойында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 230 түп ірі көлемді ағаш отырғызылуда. Оның ішінде қарағаш, үйеңкі және шетен ағаштарының көшеттері бар.
Күзгі көгалдандыру жұмыстары ауданның жасыл желек қорын толықтырып, қоршаған ортаны абаттандыруға және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, күзгі маусым аясында «Байқоңыр» ауданы бойынша 500-ге жуық жасыл желек отырғызу жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1290832?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау