“Матай ауылдық округ әкім аппараты” қызметкерлері ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу тәртібін түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру барысында «eGov» электрондық үкімет порталы мен «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдары туралы толық мәлімет берілді.
электронды электрондық анықтамалар мен құжаттарға онлайн тапсырыс беру;
мемлекеттік қызметтерге электронды түрде өтініш беру;
өтініштердің орындалу барысын және мәртебесін бақылау;
«eGov Mobile» қосымшасының мүмкіндіктерін пайдалану;
цифрлық құжаттарды қолдану тәртібі түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу – уақытты үнемдеуге және қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-matai/press/news/details/1291053?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау