Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен діни қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Жетісу облысының Дін істері басқармасы облыс әкімі аппаратымен бірлесіп, мемлекеттік қызметкерлер мен басқармаға қарасты мекеме қызметкерлерінің қатысуымен маңызды жиын өткізді. Жиын барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау мәселелері талқыланды.

    Күн тәртібінде «Әлеуметтік желідегі діни ақпарат: шындық пен жалғанның арасы» тақырыбында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Адия Төлегенқызы Романова және Деструктивті діни ағымдардың интернет кеңістігіндегі қызметі және оның алдын алу жұмыстары туралы басқарма басшысы Жаңабай Сағыныш Асқарұлы баяндама жасады.

    Шара соңында мемлекеттік қызметшілерге заңдылықты сақтау мен діни сауаттылықты арттыру бағытында нақты ұсыныстар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1291425?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version