🚁 Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті энергетикалық нысандарды тексеру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануда.
🔍 Дрондарды пайдалану электр беру әуе желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды, түтін мұржаларын және басқа да қолжетімділігі қиын учаскелерді көзбен шолып тексеруге мүмкіндік береді.
📸 Аэрофото және бейнетүсірілім жабдықтардың техникалық жай-күйін егжей-тегжейлі бағалауға, ақаулар мен ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ тексеру нәтижелерін кейінгі талдау үшін тіркеуге мүмкіндік береді.
⚙️ Заманауи технологияларды қолдану мемлекеттік энергетикалық бақылаудың жеделдігі мен тиімділігін арттырып, өңірдің энергетикалық инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1290723?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау