«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарақия ауданында санитариялық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің көркін абаттандыру мақсатында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудан орталығында тұрғындар мен демалушылар жиі баратын жағажай аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауданға қарасты барлық елді мекендерде саябақтар, ауылішілік көшелер мен ашық ойын алаңдарының аумақтары тазартылды.
Сенбілікке 160 адам қатысып, 8 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде тазалық жұмыстары барысында 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Тазалық – бір күндік науқан емес, баршаға ортақ жауапкершілік. Қоршаған ортаны таза ұстау – туған жерге деген құрметтің белгісі.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1290814?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау