«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА ШАРДАРА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2024 жылғы 31 қазандағы №910 қаулысымен «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын бекітті.
Аталған тұжырымдама Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне негізделіп, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға, санитариялық тазалықты сақтауға, қалдықтарды дұрыс басқаруға және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Осы мемлекеттік саясатты өңірлік деңгейде іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің тиісті ұйымдастырушылық шешімдері мен іс-шаралары негізінде, аудан әкімінің қолдауымен Шардара ауданында ауқымды санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында қала мен ауылдық округтердің ішкі көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, ретсіз өскен шөптер шабылды. Ирригациялық жүйелер мен аяқжолдар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, ауданның негізгі көлік бағыттары болып саналатын Шардара–Келес, Шардара–Жетісай және Шардара–Арыс облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Жол жиектеріндегі тұрмыстық қалдықтар жиналып, аумақтар ретке келтірілді.
Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» тұжырымдамасында көзделген экологиялық жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаның ластануына «нөлдік төзімділік» мәдениетін орнықтыру бағыттарымен сабақтас.
Тазалық – бір күндік науқан емес, ол әр азаматтың күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігінен қалыптасады. Өз ауламызды, көшені, қоғамдық орындарды және табиғи ортаны таза ұстау – баршамызға ортақ міндет.
Тазалықты бірге сақтайық!
Таза Шардара – таза орта – ортақ жауапкершілік!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291010?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version