Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, банк карталарының деректері мен шот туралы ақпаратты құпия сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда жеке мүлікке мұқият болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және күмәнді жағдайларда сақтық танытуға шақырды.
Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құрметті тұрғындар!
Қауіпсіздік ережелерін сақтап, жеке және қаржылық деректеріңізді қорғаңыздар. Бейтаныс адамдардың қоңыраулары мен хабарламаларына сақтықпен қарап, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1291040?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау