Елорданың Сарыарқа ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын және «Zhastаrmen» жобасын іске асыру аясында есірткі заттарын насихаттайтын жазулар мен бояуларды анықтап, өшіру бойынша бірлескен профилактикалық іс-шара өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға прокуратура, полиция және аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.
Акция барысында анықталған жазулар бояумен өшірілді.
Іс-шара есірткі заттарының таралуының алдын алуға, құқық бұзушылықтарды болдырмауға, сондай-ақ санитарлық және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталды.
Сарыарқа ауданының прокуратурасы тұрғындарды бейжай қалмай, есірткі жарнамаларын байқаса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Мұндай жұмыс қала бойынша тұрақты түрде жүргізіледі.
#законипорядок #заңментәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1291451?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау