ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ СЕРПІН БЕРЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Бауыржан Асанов Түркістан облысы Отырар ауданындағы мақта өсіру және өңдеу саласындағы ірі жобалардың жұмыс барысымен танысты.

Аймақта мақта өңдеу саласындағы екі ірі жоба жүзеге асырылуда.

Аталған жобаларды «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС жүзеге асыруда. Қарақоңыр ауылдық округіндегі «TURAN» арнайы экономикалық аймағында іске қосылатын бірінші жоба – тұқымсыз шитті мақтадан мақта талшығын өндіру зауыты. Жобаның жалпы құны 10 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Қажетті өндірістік жабдықтар толық орнатылып, ішкі және сыртқы монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорынды 2026 жылғы қараша айында іске қосу жоспарланған.

Екінші жоба – мақта тұқымын өңдеу және тұқым шығару зауыты. Жобаның құны 1,5 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 5 мың тонна мақта тұқымын өндіруге мүмкіндік береді.

Бұл нысанда да құрылыс жұмыстарының 90 пайызы орындалып, қажетті жабдықтар толық орнатылған. Қазіргі уақытта нысанның ішкі және сыртқы монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Бауыржан Асановтың пікірінше мұндай кәсіпорындардың іске қосылуы мақта шаруашылығындағы өндірістік тізбекті дамытуға, жергілікті шикізатты өңдеу көлемін ұлғайтуға және өнімділіктің артуына жаңаша серпін бермек.

Екі жобада да алдыңғы қатарлы цифрлық технологиялардың қолданылуы өндірістік тиімділікті еселеп арттыратын ең негізгі инновациялық шешім болып табылады. Аудан басшылығы да мақта өңдеу және тұқым шығару зауыттарында жаңа жұмыс орындары ашылып, аталмыш инновациялық жобалардың әлеуметтік әсері де оң болатынына сенімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1291027?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version