Жақсы аудандық мәслихатының кезекті 61-сессиясы өтті
2026 жылғы 14 қыркүйекте Жақсы ауданында сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті алпыс бірінші сессиясы өтті.
Сессия барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
1.Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
2.Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметі және 2026 жылғы егін жинау науқанының барысы туралы;
3.2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, абаттандыру және аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын абаттандыру және күтіп-ұстау туралы;
4.«Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу, «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту, сондай-ақ алдағы кезекті сессияның негізгі мәселелерін айқындау жөніндегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия барысында көтерілген мәселелер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/1291435?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау