Жас сақшылар үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы полиция департаментінде М. Горький атындағы №12 жалпы орта мектебінің «Жас сақшы» сыныбы оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар полиция қызметінің ерекшеліктерімен танысып, департаменттің арнайы техникасы мен заманауи құрал-жабдықтарын көрді. Сонымен қатар, департамент музейіне экскурсия жасалып, ішкі істер органдарының тарихы мен қызметтік дәстүрлері туралы ақпарат берілді.

Жас сақшылар Жедел басқару орталығының жұмысымен де танысып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды көрді.

Экскурсия соңында оқушылар Шымкент қаласының көне қалашығына барып, туған өлкенің тарихы мен тарихи-мәдени мұрасы туралы мәлімет алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1290984?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version