№59 мекемесінде «Көшпенділер ойындары» ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №59 мекемесінде сотталғандар арасында ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене белсенділігін арттыру мақсатында «Көшпенділер ойындары» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға арнайы шақырылған құрметті қонақ ретінде бокстан Азия және әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асланбек Шымбергенов қатысып, жарыстарға қазылық етті.
Жарыс барысында сотталғандар арқан тарту, қол күресі, тоғызқұмалақ және өзге де ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады. Қатысушылар спорттық дайындықтары мен шеберліктерін көрсетіп, жарысқа жоғары белсенділікпен қатысты. Ұлттық ойындар арқылы өзара ұйымшылдық, төзімділік және салауатты бәсекелестік қалыптастыруға басымдық берілді.

Іс-шара соңында жарыс қорытындысы шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Өз кезегінде Асланбек Шымбергенов қатысушыларды жетістіктерімен құттықтап, спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол сотталған азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға, алға қойған мақсаттарына ұмтылуға шақырып, ізгі тілегін білдірді.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыруға және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1291863?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version