2026–2027 оқу жылына арналған аудандық спорттық жарыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды
Жаңасемей ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен 2026–2027 оқу жылына арналған аудандық спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында аудандық спорттық жарыстарды сапалы ұйымдастыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
🏆 аудандық спорттық жарыстардың күнтізбесі;
📅 жарыстарды өткізу мерзімдері мен орындары;
🏫 жарыстарды өткізуге жауапты білім беру ұйымдары;
👥 командалардың жарыстарға қатысу тәртібі;
📄 өтінімдер мен қажетті құжаттарды ұсыну талаптары.
Жиын барысында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне спорттық жарыстарды ұйымдастырудың тәртібі мен талаптары түсіндірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты ұйымдарға тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша нақты міндеттер айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-zhanasemey/press/news/details/1291701?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау