2026 жылдың 24 қыркүйегіне сағат 09:00-ге, облыс әкімдігінің ғимаратында, Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы, одан әрі сағат 11:00-ге кезекті қырық бірінші сессиясының отырысы белгіленді.
Өткізілетін мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, К.Мухамедханов көшесі, № 8, 1 қабаттағы мәжіліс залы.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 08:30-да басталады.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер:
- Абай облысының білім беру басқармасының білім сапасын қамтамасыз ету және жаңа оқу жылына дайындық бойынша атқарған жұмысы туралы.
- 2026 жылғы жылыту маусымына дайындық бойынша Абай облысы аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- Абай облысында есірткіге және лудоманияға қарсы профилактика бойынша мемлекеттік органдар мен қызметтердің жұмыс нәтижелері туралы.
- Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті мәселелер және оларды терең цифрлық трансформация арқылы шешу» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттердің орындалуы туралы.
- Әр түрлі:
Абай облысы мәслихатының аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1291836?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау